«Күншуақ» тобы
Тәрбиеші:Тұрғынбай Мақпал
Мақсаты;Нейрогимнастика – бұл ми жаттығуы. Біз күнделікті өмірде қол-аяғымызды сермеп, қарапайым дене жаттығуларын жасаймыз. Біраз уақыт белсенді қозғалыс болмаса, денеміз құрысып-тырысып қалады. Дәл сол сияқты, миды да белсенді «қозғалтып», жақсы жұмыс істеуі үшін қарапайым ми жаттығуларын жасап тұрған абзал. Осыны балаға жақсылап түсіндіріп, бірге гимнастика жасауды қолға алсаңыз болады. Нейрожаттығулардың пайдасы қандай? Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Есте сақтау қабілетін арттырады. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

