

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар:жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян,Клоун, балалар, ата– аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші:(жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады.) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық!
(қол шапалақтау, балалар екі–екіден кіреді).
Армысыздар, аяулы ұжымдастар, ата–аналар! Сәлеметсіздерме ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша басшысы Алмұрт Ахметовнаға беріледі. Осындай жылы лебізден кейін ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. Қоян, қасқыр, түлкі, үшеуі дос болыпты. Бір күні қоян қасқырдан қашып жүріп, біздің сарайымызға кез болады.
(шыршаның артына жасырынған қоян келеді.)
Қоян:Ой, неткен балалар! Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Мұнда жаңа жыл кеші өтіп жатыр.
Қоян:Ой, қандай әдемі сарай! Балалар мен қасқырдан қашып келе жатыр едім. Ой–ой–ой әне келіп қалды. Балалар, мен шыршаның артына жасырынып қалайын. Сендер қасқыр келіп сұраса, айтыңдар, жарайма!
(Қоян шыршаның артына жасырынып қалады)
Сол мезетте қасқыр шанамен сырғанап келеді.
Қасқыр:Мәссаған, мұнда не болып жатыр.
Жүргізуші: Бүгін бізде жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр.
Қасқыр:Мені, неге шақырмайсыңдар. Меніңде мереке тойлағым кеп тұр. Негізі, мұнда мен ақ қоянды іздеп келіп едім. Сендер көрген жоқсыңдарма?
(шыршаның түбінен сыбдыр естіледі.)
Қасқыр:А, қап бәлем, сен мұнда жасырынған екенсің ғой. (екеуі бір бірін куып, қар лақтырып қоянды ұстап алады.)
Қоян:Аяғым–ай, аяғым! (Екеуі таласып жатқанда).
Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы қасқыр мен қоян бір–бірімен ренжісіп қалыпты. Қане, бәріміз екеуін достастырып, мерекемізді бірге тойлауға шақырайық. Солайма, балалар!
Балалар:хормен: Ия, олай ренжісуге болмайды ғой! Қане, достасайық.
Жүргізуші:Ендеше балалар «Қар мен сәбіз жинау» ойынын екі топқа болініп ойнайық.
Мен сендерге ойын шартын түсіндірейін.
Шарты: Мына топ Қасқырдың тобына, ал мына топ қоянның тобына тұрады. Содан соң мына екі себетке қасқырдың тобы қар жинайды, ал қоянның тобы сәбіз жинайды. Балалар ойын шарты түсінікті ме?
Балалар: Ия. (Балалар жүгіріп, көңілденіп бірінен соң бірі себеттеріне бірі қар, бірі сәбіз жинайды)
Жүргізуші:Қане, себеттегі жинаған қар мен сәбізімізді санайық. Қай топ жеңіске жетті. Жариялау.
Жүргізуші:Балалар ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді әсем әнімізбен жалғастырайық.
Хор: «Жасыл шырша жанында».
Балалар қараңдаршы біздің шыршамыздың көңіл–күйі жоқ сияқты. Біздер шыршаға арнап ән айтсақта шырша көңілсіз. Қане шыршамыздың шамын жағып көрейік.
Бір, екі, үш,
Шырша шамы жана түс.
(шырша жанбайды).
Ендеше шыршаның шамын жағу үшін Аяз атамызды шақырайық.
Ауу–у–у, Аяз ата.
Осы кезде қу түлкі келеді.
Түлкі:Айй–ййй, түрлерін қарашы. Неге тамақтарыңды ауыртып айқайлап жатсыңдар.
Жүргізуші:Ал,сен неге аман–саулық сұрап, амандаспайсың? Әдептілер алдымен амандасып алады дегенді білмейсіңбе ме?
Түлкі: Мен түлкімін, жүрген жерім күлкімін. Хе, Хе, Хе, Білсем амандаспаймынба?
Жүргізуші:Біздің балалар амандасуды жақсы меңгерген. Ал саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Түлкі:Жоқ.
Жүргізуші:Сен өзің қайдан келдің? Біз аяз атаны шақырып едің қой.
Түлкі: Мені, неге шақырмайсыңдар. Аяз ата сендерге келмиді. Өйткені мен аяз атаның алыстан келе жатқанын көріп жол белгісін алып тастадым. Енді ол жол таба алмайды. Ха,ха,ха.
(Иттің үрген даусын естіп түлкі қашып кетеді.)
Түлкі:И–И–И! Мынау төбеттің дауысы емеспе?Ендеше, мен қашып кетейін. Мені қуып жетпей тұрғанда.
(Осы кезде ит келеді).
Жүргізуші: Рахмет, ит жаңа бізді қу түлкі келіп алдады. Сенің даусыңды естіп қашып кетті.
Ит ойын ойнатады «Аққала құрастыру».
Жүргізуші: Ой, балалар! Аяз атамыз кешікті ғой. Қане, аяз атамызды ортамызға алайық.
Ау–у–у Аяз ата.
(Аяз атамен Ақшақар келеді.)
Аяз ата:Сәлеметсізбе балалар!
Жүргізуші:Аяз ата біз сізді көп күттік қой. Неге көп кешіктіңіздер?
Аяз ата:Біз ақшақар екеуміз сонау жолдан адасып қалып, жолды әрең тауып жеттік.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем үндерің.
Асаулармен алысып,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерді,
Сағынып келіп алыстан,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлі шалғыным,
Тілегенім жыл бойы.
Сендердің ден саулығың,
Ал келіңдер ортаға,
Қарт атаңды қоршала.
Жүргізуші:Қош келдіңіз, ендеше! Біздің шыршамыз сізді ұзақ күтті. Шамын сіздің сиқырлы таяқшаңыздың көмегімен жағып беріңіз.
Аяз ата:Қане, балалар бірге шырша шамын жағайық!
Бір, күн,үш,
Шырша шамы жана түс.
Жүргізуші:Алақай! Шырша шамы жанды. Ендеше, келіңдер балалар, аяз атаға, шыршамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Жүргізуші:Ал, енді ортаға бишілерімізді шақырайық. Ортада «Шырша» биі. «Буратино» биін тамашалайық.
Аяз ата:Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. өздеріңе ойын ала келдім.
Ойын: «Қатырам, қатырам.»
Ойын шарты:Балалар шеңберге тұрады. Аяз атаны қоршап алады. Қолдарын, құлақтарын қатырады.
Жүргізуші:Балалар, ендеше «Жаңа жыл жарылқасын» деп, жаңа жылымызды шақырайық. (Доңыз келеді.)
Жаңа жыл Доңыз өзінің жылы лебізін білдіреді.
Жүргізуші:Жаңа жыл біздің балаларлың сізге арнаған өнерін тамашалаңыз. Ортаға кішкентай балапандарымыздың «Балапан» биін тамашалаңыздар.
Би:«Балапандар» биі.
Аяз ата: Ой, қандай өнерлі балалар екенсіңдер! Өнерлерің өрге жүзсін.
Жүргізуші:Жарайсыңдар! Балалар біздің шырша мерекесі аяқталуға таяп қалды. Келіңдер, барлығымыз бірге «Жаңа жыл келді еліме»әнін айтайық.
Арамызда үш ата ана шығып балаларының тақпағын опера, жылатып, күлдіріп айтуы керек.
Хор:«Жаңа жыл келді еліме»
Аяз ата:Балалар сендер өте жақсы өнерлі, ақылды, білімді балалар екенсіңдер. Ақшақар қызым біздің балаларға алып келген сыйлықтарымызды әкеле ғой.
(Аяз ата мен ақшақар сыйлықтарын таратып береді.
Жүргізуші:Осымен жаңа жыл ертеңгілігіміз аяқталды, сөз кезегін ата аналарға беремін. (Ата-аналар жылы лебіздерін білдірді).