

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат беру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Кейіпкерлер: Көктем аруы, Сайқымазақ.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.
Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.
Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке?
Балалар: Аналар мейрамы.
Жүргізуші: Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең жүрегі жұмсақ кім екен?
Жүргізуші: Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме?
Балалар: Иә
Жүргізуші:
Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай – ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын ол көктем. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.
Музыкалық әуенмен залға көктем кіреді.
Көктем:
Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін!
Жүргізуші: Көктем,қош келдің,төрлет! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарын тамашала! Ендеше сен біздің балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын тамашала.
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір гүлдер биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Жүргізуші: Көктем ару, сен біздің қыздармен билегің келе ме?
Көктем: Әрине
Би: «Гүлдер» биі.
Көктемнің телефоны шақырады.
Көктем: Ия, не сұрақ, жапырақтар шықпай жатыр ма, кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып барамын. Міне, балалар менің басқа да жұмыстарым бар. Менің кетуім керек.
Жүргізуші: Рахмет саған көктем. Сау бол!
Көктем: Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ:
Жан — жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме, достар! Сәлеметсіздерме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хeлоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап амандасады).
Жүргізуші: Сайқымазақ сен бізге алыстан келген екенсің. Ендеше сен біздің балалардың өнерлерін тамашала.
Сайқымазақ: Жарайды.
Жүргізуші: Біздің балаларымыз аналарына арнап көп тақпақтар жаттап келді. Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші: Мұнымен біздің балалардың өнерлері таусылған жоқ. Ұлдарымыз аналарына арнап би дайындапты. Қане бәріміз соны тамашалайықшы.
Би: «Аспаз» биі
Сайқымазақ: Мен балалардың өнеріне риза болып отырмын, тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Біздің балалар енді әжелеріне арнап ән айтқысы келіп тұр.
Ән: «Ақ әжем» әні
Жүргізуші: Ән де айттық, би де биледік, енді аналарымызға да ойын ойнатайық.
Ойын : «Кішкентай көмекшілер»
Шарты: Ойынға екі қыз және екі анасы шығады. Аналары үйде яғни ас үйде болады, ал кішкентай қыздары аналарына базардан көкөніс пен жеміс-жидектер жинап әкелуі тиіс. Жинап болғаннан кейін аналары қыздарына алжапқыштарымен орамалдарын кигізеді және өздерінікін де киеді. Бірінші болған ата-ана ожауды жоғары көтереді.
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыз көріскенше,
Осымен мерекеміз аяқталды.
Бүгінгі мерекеге балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер (балалар гүлдерімен ортаға шығады)