«Көгершін» орта топ

Тәрбиеші:Қарабаева Гүлмира

Уыз Жансая

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды  мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Барысы:

Зал  көктем  мерекесіне  орай  әдемі  безендірілген. Көңілді әуен қосылып, ұл балалар жүгіріп кіреді. Ал қыздар соңынан келеді де әркім өз жұбымен орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
                      Аналардан туған небір даналар.
                      Ана деген тіршіліктің тірегі,
                      Армысыздар,қасиетті аналар!

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ата-аналар, әжелер, ұстаздар, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар, — дей келе балаларымыздың  сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
(Балалардың тақпағы)

Ән: «Мамамның мерекесі»
(Әуенмен Көктем  кіреді)

Көктем: Сәлеметсіңдер ме , балалар! 
Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер! 

Тәрбиеші: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.

Көктем: Сендер қандай мерекені  тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.

Көктем: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл кейіне бастайды.

Көктем: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын кім айтып береді?
  (наурыз, ақпан, мамыр)

Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?

Балалар: Көктем айында табиғат оянады.

Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер.

Тәрбиеші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.

Көктем: Иә мен де сендерді құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді жинап келдім. Қане менің гүлдерім мерекелік тартуымды қабыл алыңдар (гүлдерді таратып береді).

Би: «Гүлдер биі»
(Әуенмен Қызыл телпек кіреді)

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?

Қызыл телпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім. 

Жүргізуші: Балалар, Қызыл телпек өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен. Ендеше Қызыл телпекке ән айтып берейік.

Ән: «ағылшынша»

Көктем: Балалар , сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер , мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!
(Әуенмен Көктем кетеді, Қасқыр келеді)

Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен  сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?

Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені!

Би: «Жәндіктер»
(Қасқыр таңданып басын шайқайды, оқыс отырып, тұрады. Аңдып жүріп би бітісімен Қызыл телпектің қасына жетіп келеді)

Қасқыр: А, міне , өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сені жеймін!

Қызыл телпек: Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек. Тамашаға қатысып, ойын ойнайық.

Қасқыр: Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!

Тәрбиеші: Қане балалар, олай болса ойын ойнайық!

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлаймыз мерекеде»

Шарты: Оң жақ қатар мен сол жақ қатардан 1 қыз 1 баладан яғни жұп-жұппен шығады да, жәй әуен қосылып, соған вальс билейді. Музыка тоқтап қалған кезде, жүгіріп ортадағы гүлді кім бірінші алса, сол бала өзінің жұбына сыйлайды. Ойын 3,4 рет қайталанады.

Тәрбиеші: Балалар, қасқырға озіміздің өнерімізді көрсетейік

Ән: «Топ-топ, балақан»

Қасқыр: Ой, балалар, сендердің өнерлерін маған ұнады, көп рахмет сендерге. Жүр Қызыл телпек әжеңді бірге барып құттықтайық. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:

Болсын дейді балалар
Бақытты өмір, береке
Әжелер мен анадар
Құтты болсын мереке

Ән: «Көктем »

1-бала: Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
              Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
              Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
              Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

2-бала: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
              Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
              Ана деген бәйтерегі өмірдің,
              Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлықтарын береді)

Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *