«Құлыншақ» кіші топ

Тәрбиешілер:Мергенбаева Карима

Исмайл Зияда

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қауіпсіз-мінез құлық негізі

Сабақтың тақырыбы: Спорт денсаулық-кепілі

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру. Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негізін қалыптастыру.Салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру.

Көрнеліліктер: Тақырыпқа байланысты түрлі суреттер, ведио .

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өткелі тұр себебі бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтармен амандасып алайық. Барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық .

Шаттық шеңбері

Армысыздар қонақтар!

Армысызда достарым!

Болсақта біз кішкентай,

Ойнау үшін шаршамай!

Құру үшін сән – саулық!

Керек жақсы денсаулық!

Басты байлық – денсаулық!

Жарайсыңдар балалар, енді орнымызға жақсы көңіл – күймен отырып сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

Балалар бүгінгі біздің Сөйлеуді дамыту сабағынан өтетін тақырыбымыз Денсаулық еліне саяхат.

Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіздер? ( Балалардың пікірін тыңдау)

Денміміз сау болу үшін не істеуіміз керек? ( Балалардың пікірін тыңдау)

ІІІ. Ой ашар сұрақтар

Балалар мен сіздерге денсаулыққа, тазалыққа байланысты жұмбақтар, сұрақтар жасырамын сіздер шешуін табыңыздар жарайма.

  1. Ол судан қорқады , одан кір қорқады. (сабын)
  2. Тіс тазартатын құралдар ( тіс щеткасы мен тіс пастасы)
  3. Денені шынықтыратын, денсаулыққы әсері мол сабақ (дене шынықтыру)
  4. Адам өміріне ең қажетті заттар ( ауа, су, жылыу, жарық, тамақ)

Өте жақсы балалар жарайсыңдар!

Балалар енді мен сіздерге жеке бас тазалығы жөнінде айтайын.

Жеке басымыздың тазалығын сақтау — таза жүру, таңертеңгі жаттығуларды жасау, Тырнақты өсірмей уақтылы алып жүру. Және күн тәртібін сақтау. Мектепте де,үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді күніне 2рет жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау. Жеміс – жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналыс, таза жүру.

Тақырыпқа байланысты видео көрсету.

Балалар біз өткен сабақтарда денсаулыққа байланысты мақалдар жаттаған едік қане есімізге түсірейіші кім айтады(балалар мақалдарын айтады.)

Балалар не истеп жүр?

  • Балалар сендерге ден шынықтыру жаттығуы ұнай ма?
  • Сендерге қандай жаттығулар мен ойындар ұнайды?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

Енді балалар мына дәптеріміздегі тақпақты мен оқып берейін сосын бірге жаттаймыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз. ( Мұғалім үш рет балалармен бірге айтады содан соң жаттаған балалардан сұрайды.)

Балалар дәптердегі екінші тапсырманы орындамастан бұрын тақтаға қараңыздаршы. Дәрігермен спортшы өздеріне қажетті құрал жабдықтарын бөлісе алмай жүр соларға көмектесейік тақтаға екі оқушы шықсын біріншісі дәрігерге екіншісі спортшыға құралдарын жинасуға көмектессін.

Жарайсыңдар балалар!

Енді екінші тапсырманы орындауға болады Спортқа қажетті құралдарды – көкке , емдеуге қажетті құралдарды қызыл түспен бояймыз.

Балалар енді бойымызды сергітіп алайық. Денсаулығымыз жақсы болу үшін көңілді де жүруіміз қажет сондықтан барлығымыз көңілді күн деп аталатын сергіту жаттығуын жасайық.

Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар.

Енді дәптердегі үшінші тапсырманы орындайық . Бұл тапсырмада біз құралдарды иелеріне сызықпен қосамыз.

  • Олар қандай спорт түріне арналған? Қалай аталады?

4 тапсырма Мақалдың мағынасын түсіндір.

Денсаулық зор байлық.

Дені саудың жаны сау. (Мақалдың мағынасын түсіндіремін)

Кері байланыс.

  • Тақтаға қарайықшы қайсысы дұрыс ағаштан алманы ала салысымен жеуге болама әлде бірінші жуып аламызба кім маған дұрыс суретті көрсетеді? ( бір бала шығып дұрыс суретті көрсетеді)
  • Балалар деніміз сау болу үшін не истеуіміз қажет?
  • Тісімізді күніге неше рет жуу керек?
  • Әрдайым спортпен шұғылданған дұрыспа?
  • Күнде жуыну керекпе?
  • Жеміс – жидектерді жеместен бұрын не истеуіміз керек?

Жарайсыңдар балалар енднше барлығымыз ортаға шығып сабағымызды мынадай өлен жолдарымен аяқтайық.

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі

Жүйке, тамыр жүйесі

Денсаулық ол күлуің

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Денсаулықты сақтаймыз

Жадымызда ұстаймыз

Апайымыздың кеңесін!

Денсаулық — ел дамуының басты арқауы.

Денсаулық – жеке адамның басты байлығы.

Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты.

Бүгінгі дені сау ұрпақ елдің ертеңгі жалғасы иә балалар сондықтан денсаулығымызды күтеміз

— деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *