«Күншуақ»ересек топ

Мақсаты:Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

1.Жүргізуші:9- Мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мереке. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен.

Құрметті қонақтар мен балалар! Бүгінгі 9- Мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі баршаңызға құтты болсын! Осы соғыстың аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған , ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Міне ,осыған орай Ортаңғы « Ер Төстік» тобының дайындаған шағын мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар!

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

  Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

1.Жүргізуші:    Арылтып жаудан жеріңді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді,

 Оралды ерлер көңілді.

    Десеңдер бұл қай күні?

   Тоғызыншы мамыр күні!

Би: « Сарбаздар»

Орындаушылар: Топ балалары.

2.Жүргізуші:Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең түсіне, сезіне бастады. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, елдік, халықтар достығы нығая түсті.

Ән: «Мереке»

Орындайтын: Шұғыла.

1.Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

 Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

2.Жүргізуші:

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген

Әкелері аталардың

Бұл жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары.

Осымен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған « Ұлы Жеңіс жасасын» атты шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *